"Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе"
М. Жұмабаев
Шетел тілі соның ішінде ағылшын тілін үйрену қазіргі кезде заман талабы. Ағылшын тілі "Әлемдік тіл"мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді. Өз тілімізбен бірге өзге тілді де білуіміз қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», демекші, өз тілімізбен қатар шет тілін балабақша жасынан үйретіп келеміз. Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымын, мәдениеті мен тарихы, салт дәстүрі арқылы меңгеруге болады.Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымың кеңейіп рухани байи түсесің. Сондықтан, баланың дүниетанымы кең болу үшін, ерте жастан тіл үйрету тиімді әдіс болып келеді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "Біз алдағы уақытта осы алған бағыттан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреді. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен әрбір Қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек,"деген болатын. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп,қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс екендігін айтты.
Біздің елде 2013-2014 оқу жылында Білім және Ғылым министірлігінің шешімімен ағылшын тілі 1 сынып оқушыларының оқу жүйесіне енгізілді. Кейінгі жылдары балабақша бағдарламасына да енді. Көптеген ата-аналардың бүгінгі күні балаларының ерте жастан тілді меңгеруіне ықпал етуде.
Ерте жастан балаға ағылшын тілін жақсы меңгерту үшін үйретудің тиімді жолдарын қолдануымыз керек. Егер біз мұғалімдер тілді дұрыс жолмен үйрететін болсақ, жемісіміздің тәтті болғаны деп есептейміз. Ойын элементтері - ағылшын тілін оқытудың бір түрі болып табылады.
Ойын - ол жас ерекшілікке қарамастан, баланың қөңіл-күйін көтеретін жан-жақты ойландыратын үрдіс. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын әрбір ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде оқушының коммуникативтік құзырлығын дамытуда да үлесі зор болып табылады. Сонымен қатар баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек қана ойын болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мұғалім ойын түрлерін дұрыс қолдана білсе, балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар- балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде ойындарды қолданудың түрлі жолдары болады. Сабақ басында ойынды –өткен тақырыпты қайталау үшін , ортасында-көңіл күйін сергіту үшін, соңында –сабақты бекіту үшін ойнатамыз. Сабақты ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка немесе жаңылтпаш алуға болады. (Кім бірінші жаттайды деп?)
Bubble double gum, bubbles double жаңылтпашты қайта –қайта айтқызып тілдерін жаттықтыруға болады.
Мектепалды даярлық топтарға "The missing word " ойыны.
Мақсаты есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл ойында суреттер тақтаға ілінеді,мұғалім close your eyes! деп бұйрық береді, 1-2 суретті алып тастайды,open your eyes! what is missing?деп сұрақ береді. Балалар ойланып жоғалған сөзді айтады .
"Colour letters"-ойынында тақтаға әр түрлі түсті әріптер ілінеді find yellow!Деп мұғалім бұйрық береді, оқушы сол түсті әріптің жанына барып тұрады.Ойынды қиындату үшін түстерге сөздер айтуға болады.
Мақсатытүстердіқайталайды. "Is it true or not?" Допқолдансаболады, мұғалімдоптылақтырапжатыпсөзтіркесінайтады.
Yellow lemon, is it true ornot? Yes.it is true. No. it is not true депжауапбереді. Мақсатыоқушылардыңсөздікқорынмолайту .
"The hidden picture" слайдарқылыойналады.Алдыналадайындалғанслайдтағысуреттерменжұмыс.
"Yes/no"бұл ойында мұғалім сұрақ қояды
Is it a book? – Yes. it is a book. Is it a map? No it is a car- депжауапбереді. Мақсатыдұрысжауапберу,грамматиканы үйрену. Оқушылардыңойлауқабілетіндамытады.
Осысияқтыкөптегенойындаройнаймыз. Соныменбіргеөлеңайтып, тақпақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдержаттаймыз.
«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Shamatov “Dearly grade learning” Internationalresearch-to-practice conference-report book 2013y.P164-165
- Исахметова А "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздемесі"Қазақ ұстазы 2013ж 67-68бет
- Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет
- Батаева Ү. «Оқушылар шығармашылығын арттыру» Бастауыш меткеп 1.2011 ж 10-бет
- Жарықбаев Қ. «Технология» Алматы білім 1993ж 272-бет
- Oinet.kzАғылшын тілі жеті жасар балаға керек пе?
Мусабаева Гульназ Манаровна, №32 «Балдәурен» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі