Неге біз алға, үнемі алға ұмтыламыз? Өйткені өмірдің мәні – тек жаңалықтар ашу емес пе.
Л.Н.Толстой
Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.
Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты.Әдістемеғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы«Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Оқытудың тиімді жолдары оқытудыңәр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Жобалау оқыту технологиясы
Жобалау технологияның маңыздылығы – балалардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы технология белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында балалар ойланып, мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде балалардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырылады.Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде балаларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Интербелсенді тақта – маркермен жазуға немесе экранға бір мезгілде кескін проекциялана алатын, саусақпен көрсетуге болатын сыныптағы ақ тақта. Интербелсенді содан тұрады, саусақтың орны сенсорлық экранда (немесе үстелдегі тышқанның орнына ұқсас графикалық тақтадағы стилус) қалай қабылданса, маркердің немесе саусақтың орны компьютермен дәл солай қабылданады. Мұндай мүмкіндікке әр түрлі тәсілдермен: экранның өзіндегі арнайы сенсорлық қабаттармен (матрицалармен), жылдам сканермен – кез келген (ақ) тақтаның әлдебір жағына бекітілген онша үлкен емес пластинамен, проектордың өзімен құрамдасқан сканермен қол жеткізуге болады.
Интербелсенді тақталарды жасаушылар, негізінде тақтаға жазатын аспаптың орны анықталатын өндірістің әр түрлі технологияларын пайдаланады.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – баланың білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай баланың ізденушілікәрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Мектепке дейінгі балалар үшін Триз дегеніміз- ойынға,әрекетке балалардың барлығын жұмылдыру жүйесі.Оны үйрету барысында тәрбиеші баланыңқалыптасқан табиғатымен есептесу керек.Мұғалім дайын білімді беріп,шынайлықты бірден аша салмай,ізденуге баулу керек.Егер бала сұраққойса бірден дайын жауап бере салмай,өзінің бұл туралы не ойлайтынын сұрау қажет.
Кез келген мәселені ойын түрінде келтіріп,оған жауап табуға итермелеу қажет.Бұл қоршаған ортадағы қарама-қайшылықты көріп, оларды реттестіруге үйренеді.
«Ия-жоқ» ойыны. Мысалы: мұғалім «аққу» сөзін жасырады,ал балалар сұраққояды (ол тірі ме? Ол құс па,әлде аң ба? Ол ұша ма? Көлде мекендейді ме?) ал мұғалім балалар жауабын тапқанша тек қана «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді.
«Қара-ақ» ойыны.Мұғалім ақ үйдің суретін көрсеткенде,балалар ұсынылған заттың жақсы жақтарын айтады.Ал,қара үйдің суретін көрсеткенде сол заттың жаман жақтарын айтады. Мысалы: ( «Кітап» «жақсы»-кітаптан көп нәрсені үйренесің; «жаман» -кітаптар тез жыртылады, тез кірлейді т.с.с.)Сол сияқты «дәрі, кәмпит, жаза, гүл т.б. сөздерді алуға болады.
«Теріс қарай» ойыны. Бұл ойын доппен ойналады.Тәрбиеші балаға допты лақтыра отырып,бір сөз айтады,ал бала сол сөзге теріс сөз айту қажет.Мысалы: пайдалы-пайдасыз,кіру-шығу,жинау-шашу,.. т.с.с.
ТРИЗ –бен жұмыс жасайтын мұғалімнің ерекше кезеңі-бұл ертегілермен жұмыс,яғни ертегілердегі мәселелерді шешу,арнайы әдістер арқылы жаңа ертегілер ойлап табу.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары тұлғада жекеленген пәндік білімдерді емес, интеграцияланған білімдерді қалыптастыруға бейім. Сондай нәтижеге жетудіңбір әдісі – интеграциялық оқыту. Интеграция – бірнеше бөлшектердіңбірігуі деген ұғым. Яғни интеграциялап оқытуда – барлық тіл пәндері бір ортақ, бүтін зат ретінде саналып, базалық оқытудың бөлінбес бір компоненті болып қаралуы керек.
Қорыта келгенде, білім беру саласында жаңа оқыту технологияларды пайдалану - балаларды жан – жақты етіп дамыту, тәрбиелеу, балаларда жаңа көзқарастың, ойдың пайда болуына жол ашатынын сөзсіз. Жаңа оқыту технологияларды пайдалану баланың білім алуына жаңаша көзқарасы мен қызығушылығының артуына зор ықпалын тигізеді.
Косыбаева Толкын Дайырбековна, қазақ тілі мұғалімі, №32 «Балдәурен» балабақшасы