Балалар үздіксіз іс-әрекеттерді талап етеді, олар іс-әрекеттерден емес олардың бір түрлілігінен шаршайды.
К.Д.Ушинский
Мектепке дейінгі білім беру дамуының заманауи кезеңінде өзекті міндеттердің бірі мектепке дейінгі жастағы балалардың тіл кемістігін түзету үдерісінің тиімділігін жоғарылату болып табылады.
Біздің балабақшадағы топтарда кейбір балалардың тілдері толық жетілмегендер кездеседі. Балалар тілдерінің дамымай қалуы әртүрлі дәрежеде көрінеді: бұл былдыр сөз, сөздің жоқтығы және фонетика-фонематикалық элементтерімен бұрмаланып сөйлеу немесе лексика-грамматикалық дамымай қалуы.
Тілі толық дамымаған балалардың сөздік қоры аз болады, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыра білмейді, дыбыстарды дұрыс айтпайды. Оған қоса, олардың көпшілігіне дұрыс назар аудармаушылық, қисынды ойлаудың жетілмеушілігі тән.
Ал, мектепке дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілдері тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Сондықтан мнемотехника тәсілдерін біздің балабақша педагогтары белсенді қолданады. Т.А.Ткаченко, Е.А.Иванова, В.П.Глухов, Л.Н.Ефименкова сияқты авторлардың еңбектеріне тәрбиешілер сүйенеді.
Мнемотехника – қосымша ұғым қалыптастыру жолымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау қабілетін ұлғайтатын әртүрлі тәсілдер жүйесі.
Мнемокестесін пайдалану жан – жақты дамытуға көмектеседі:
- ассоциативтік ойлау;
- байланыстыра сөйлеу;
- көру және есту қабілеттерін дамыту;
- зейін қою;
- қарапайым математикалық түсінік;
- ұсақ моторика
Бастапқы кезде балаларға бұл сызба-кестелермен жұмыс істеуді үйрету кезінде келесідей жұмыстар жүргізіледі:
- берілген тақырыптың мәтінін айтуда сызба-кестесін қолданар кезде оның кестелері тек сурет арқылы берілді. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі балаларға таныс (қосымша1). Бұл ертегінің мәтінін балалар біледі. Ал, енді оның мазмұнын айту үшін сурет кестесін қолданамыз. Балалар, ертегінің жүйесін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Балалар, суретке қарап отырып, ертегіні айтып береді.
Қосымша
- сызбалармен жұмыс істеуді игере бастаған кезде нақты суреттермен сызбалар араластырылып берілді. Мысалы: Ж.Жанаевтың «Жайлауда» өлеңін жаттау үшін оның мәтінін ашатын тірек кестелері сурет пен сызба араласып келген.
- сызба-кестелермен жұмыс істеуді игерген кезде тапсырманың мәтіні тек тірек-сызбалар арқылы берілді. Мысалы: «Заттарды суреттеу» немесе «Менің сүйікті ойыншықтарым» сияқты берілген тақырып бойынша әңгіме құрарда тек тірек сызбалар беріледі. Ал, балалар оған қарап түсін, пішінін, қасиетін, қай топқа жататынын, не үшін қажеттігін, неден жасалғанын айта алады.
Ата-аналар ақпаратты жаттаудың қызықты және пайдалы әдісін меңгеруге белсенді қосылды. Сонымен бірге балалардың тек тілдерін дамытып қоймай бұл әдісті логикалық ойлануын қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыруға дамыту үшін қолданылады. Балабақша педагогтар шығармашылық тобы сандар құрамын және оның алгоритмін игеруге мнемокестелерін өңдеді, ересектер және мектепкедейінгі тәрбиешілері кеңінен өз тәжірибелерінде қолданады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық тіл дамуының өсуі туралы ең толық түсінігін айқындау мақсатымен кезеңмен диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
Балалар туылған уақыттан бастап заманауи жоғары технологиялық жетістіктермен танысып қолдана бастайды: теледидар, интернет, компьютерлік ойындар, интерактивті ойыншықтар және басқалар. Ақпараттық-коммуникативті технологияларды (АКТ) қолдана отыра тілдің морфологиялық жүйесінің бұзушылықтарын жеңіп шығуға бағытталған ойындар да қолданылады.
Интерактивтік тақтада қолданылатын ойындар 5-10 минут және жұмасына 2 реттен артық өткізілмейді. Компьютерлік ойындар сөздің тілдік функциясының барлық компоненттерінің қалыптасуына, сенсорлық эталондар, логикамен ойлануға ынталандыруға ғана себебін тигізіп қоймай, сонымен бірге оқу қызметіне мотивациясын жоғарылатуға да себебін тигізеді.
Л. Б. Жүнісова, № 32 «Балдәурен» балабақшасының, тәрбиешісі, Астана қаласы