Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс-әрекет түрі: Сенсорлық тәрбие
Тақырыбы: «Түрлі түсті моншақтар»
Мақсаты: Балалардың түстер, пішіндер, заттардың көлемі және олардың мөлшері туралы білімдерін әрі қарай дамыту. Ұсақ заттарды түсіне қарай жіпке тізе білуге үйрету. Қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар Сенсорлық юбка, оған қоңыраулар (үлкен және кішкентай), сылдырмақтар. Үш көлемді қуыршақтар (матрешка), шара. Суық суға арналған көк шелек, ыстық суға арналған – қызыл шелек. Моншақ жасауға арналған боялған макарондар, түрлі – түсті баулар.
Жаңа сөздік жұмыстар: қоңыраулар, ыстық су.
Іс-әрекет кезеңі. |
Тәрбиешінің іс- әрекеті. |
Балалардың іс- әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық |
Балаларды ортаға жинап шаттық шеңбер жасап «Қуан шаттан, алақай» атты өлең шумағын айтып, қимылдар жасайды. Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн. |
Ортаға жиналып шеңбер жасап түрып өлең шумағын айтып қимылдар жасайды. |
Іздену ұйымдас тырушы. |
Балалар мен бүгін топқа кіріп келе жатқанда бір допты тауып алдым, бірақ ол өте кір екен. Нұрислам доп таза болу үшін не істеу керек. Алишер допты суық суға жууға бола ма? Сонда қандай суда жуу керек. Алишер суық су жылы болу үшін не істеу керек? Дұрыс суық сумен жылы суды араластыру керек. Балалармен бірге шараға көк шелектен суық және қызыл шелектен ыстық суды құйып суды жылытып, балаларға суды қолдарымен ұстап көрсетеді. Допты жуып, сенсорлық алжапқыштың бір қалтасынана сүлгіні алып, құрғатып, сүртеді. - Доп қандай пішінге ұқсайды? Балалар домалақ пішінге ұқсайтын топтағы заттарды тауып айтындаршы. Балалардың назарын сенсорлық алжапқышқа аударады. Алжапқыштан қандай геометриялық пішіндер көріп тұрсыңдар? Балалар менің алжапқышымның қалталары өте сиқырлы. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеме? Кане кім ашып көреді. Мына қоғыраудың пішіні қандай? Ал мына қоңыраудың пішіні қандай? Балалардың назарларын алжапқыштың екінші бөлігіндегі қалтаға аударып, түстерін, пішіндерін сұрайды. Бұл қандай пішіндер? Қалтаның ішінде не бар екенін білгілерің келеме? Тәрбиеші бір баланы шақырып, қалтаның аузын ашқызып, ішінен сылдырмақты алғызады. Сергіту сәті: «Сылдырмақ» Балалар өлең шумағының мәтініне байланысты қыймыл – қозғалыстар жасайды. Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатсам алдымнан мына қуыршақтар шықты. Олар бүгін қонаққа барады екен. Бірақ қонаққа әдемі болып бару үшін сендерден моңшақ жасап беруді сұрайды. Көмектесеміз бе? Тәрбиеші балаларға моншақты қалай жасау керек екенін түсіндіреді. Балаларды үстел басына отырғызып, жұмыстарын бақылап көмекке келеді. |
Балалар допқа қызығушылықпен қарайды. Тазалап жуу керек. Жоқ болмайды (қолымыз тоңады) Жылы суда жуу керек. Суық сумен жылы суды араластыру керек. Балалар қызығушылықпен қарайды Бір – екі бала допты сүртісуге көмектеседі. Дөңгелек пішінге, машинаның дөңгелегіне, сақиналарға ,тәрелкеге т.б ұқсайды. Балалар таң қалып қарайды. Біз төртбұрыш, ұшбұрыш, дөңгелек пішіндерін көріп тұрмыз. Бір бала келіп, қалтаның аузындағы түймесін ағытып, ішіндегі екі түрлі пішінді қоңырауды алып шығады. Атын атап шақырған балалар үлкен, кіші қоңырауларды көрсетіп, қоңырауларды соғады. Балалардың жауабы. Иә, білгіміз келеді. Бір бала алжапқыштың қалтасының аузындағы тартпасын ағытып ішінен сылдырмақ алып шығады. Сылдырмақ сылдырлап, Бесікте тұрады. Бөпешім былдырлап, Сылдырмақ ұрады. Бас салып, қолға алып, Аузына салады. Сол кезде сылдырмақ сөйлемей қалады. Иә, көмектесеміз. Балалар қуыршақтардың көйлектерінің түсіне сәйкес моншақтарды жіпке тізіп, жасайды. Дайын моңшақтарды қуыршақтарға сыйлайды. |
Рефлексифті түзетушілік |
Балалар менің тауып алған добым қандай болды? Ол таза болу үшін қандай суда жудық? Менің сенсорлық алжапқышымда нелер болды? Қуыршақтарға не жасадық? Балалар қуыршақтарға сендердің жасаған моңшақтары өте ұнады. Сендерге рахмет айтып жатыр! |
Кір болды. Жылы, таза суда жудық. Сылдырмақ, ,қоңырау, геометриялық пішіндер болды. Моншақ жасадық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: түстер, пішіндер, заттардың көлемін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: заттарды бір тұтас пішініне қарай топтау.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Берілген жіптің түсіне қарай жіпке моншақтар тізе білуге үйренді. Сенсорлық қабілеттері дамыды.
Астана қаласы, №32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Қосумбетова Н. Ж.