2017-2018 оқу жылында балабақша аясында мектепалды даярлық тобында «Атамұра» баспасы Әліппе оқулығы бойынша апробация жүріп жатқан жайлы ата-аналарға жиналыс, ашық сабақ, сауалнама, «Әліппе-білім бастауы» атты іскерлік ойын жүргізілді.
Сонымен қатар балалардың әліппе сабағынан алған білімдерін үнемі бекіту үшін, ата-аналармен кешкі уақытта өткен тақырып мазмұны жайлы әңгімелесіп, кеңес беріліп отырды. Топта балалардың білімін бекітуге арналған жылжымалы папкілер мен лэпбук әзірленген.