Биылғы 2017-2018 оқу жылында Астана қаласы №32 «Балдәурен» балабақшасында мектепалды даярлық «Айгөлек» тобында «Атамұра» баспасының «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу жүріп жатыр. Осы атқарылып жатқан іс- шара бойынша жоғары санатты тәрбиеші Мукатова Назгуль Жагыпаровна «М дыбысы және әрпімен таныстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқулықта тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындады. Әліппемен жұмыс барысында, оқулықтағы суреттерге қарап әріптің орнын тап тапсырмасын балалар қызыға тез таба білді. Сонымен қатар, тәрбиеші интерактивті тақтада көптеген тапсырмаларды орындатып, тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын оята білді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшілігіне сай, ойлау әрекетін жандандыруда тәрбиеші белсенді оқыту әдістерін қолданды.