«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің біздің өмірімізде алатын орны мен байытудың баға жетпес құндылығын біздің балабақшада тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында туған тіліміздің мерейін тасытып, мәртебесін асыруға тырысамыз. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата –ана мен педагогтардың ең басты міндеті. Сондықтан да, балаға жан –жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін ұялату басты мақсатымыз.
Наурыздың 17-нен басталып кеткен той әр топта "Армысың, әз, Наурыз!", "Қымызмұрындық", "Қош келдің, Наурызым!" т.б тақырыптарында өнеге мен тәрбиеге толы болды. Ертеңгілікті арнайы қазақ ұлттық театрынан келген актер Толеген Нұрлыбек Абдрасымұлы қыдыр ата рөлін сомдап, мектепалды даярлау тобының тәрбиешілері Г.С. Тилегенова мен Н.Ж. Мукатовалар Умай ана мен Жер ана рөлін сомдап, саумалдық салтын көрсетті.
Наурыз тойын тойлау жалғасса, ересектер мен мектепалды даярлау топтарына ежелден келе жатқан салтымыз «Айтыс» өнерімен таныстыру үшін ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұл ақындар айтысына Таңжарық, Данияр, Сырым Әуезхан сияқты белгілі жас ақындар қатысып, өз өнерлерін ортаға салса, балалар мен ата – аналары үзілісінде ән айтып, күй тартқан үлкен отырыс болды.