Балабақша бойынша «Тұңғыш Президент күні» мерекесі 31.11.2016 жылы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Дені сау бала – Қазақстанның болашағы» - атты ашық есік күнімен басталды.
Ертемен келген балаларды Фиксик пен Нолик ертегілер кейіпкерлері қарсы алып, «Оскарбинка» - витоминдерін беріп, денсаулық тіледі. Ата- аналар өздерінің тілек, ризашылықтарын қабырға газетіне жазып қалдырды. Бұл денсаулық күні таңертең 8.00 – де ертеңгілік жаттығуымен барлық топта бір мезгілде балабақшаның дәлізінде флешмоб арқылы өтіп басталды. Бұл күн әрі қарай ұйымдастырылған оқу кезеңімен жалғасып, спорттық ойындармен, көңіл- күй көтеру шараларымен ұйымдастырылды.
Бұл күні ата-аналар әр топта өздерінің балаларымен бірге барлық ісшараның қатысушылары болды.
ІІ-кіші топтарда «Алыс- жақын дәрумендер» ұйымдастырылған оқу қызметімен өтсе, ортаңғы «Балапан» тобында «Біз ойнаймыз, біз санаймыз, денемізді шынықтырамыз», ортаңғы «Айналайын» тобында «Дәрумендер әлемі», ересектер топтарында «Дені сау мықты болғымыз келеді - оған бізге күн тәртібі көмектеседі» - атты ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізілді. Оған ата-аналар қатысты.
Ата-аналар мен балалар үзілісте балабақшаның дәрігері К.Қ.Сейдахметова, медбикелері Г.Н. Лемешева, Ж.М. Ержанованың ұйымдастыруымен дайындалған «Фитобардан» әр түрлі күнделікті ішетін дәруменді сусындарын осы Фитобарда ұсынып, ата-аналар ішіп, жеміс жидектер жеді.
Әрі қарай бұл күннің І – жартысы серуенде таза ауада ата- аналармен бірлесіп, спорт нұсқаушысы Фурника М.В. ұйымдастыруымен «Табиғат және денсаулық»- атты ойын сауықпен жалғасты. Балалар шаңғы, шаналар теуіп көңіл көтерді.
Бұл ісшара марафонмен аяқталды.
14.00 –де балабақша ұжымымен де «Дені саудың- жаны сау» атты Флешмоб ұйымдастырылса, күннің ІІ – жартысында мектепалды даярлық топтары арасында «Дойбы» турнирі өткізіліп, жеңген балалар алғыс хаттармен мадақтамалармен марапатталды.
Ата-аналармен балалардың денсаулығын қалай нығайту керектігіне дене шынықтыру нұсқаушысы М.В.Фурника шебер – сынып жүргізді. Соңында ата-аналар фитобардан дәмді шипа суларын ішіп, ризашылықтарын білдірді.