Балабақшамызда 12-қыркүйектен бастап 22-кыркүйекке дейін «Мемлекеттік тіл – рухани байлық!» - атты онкүндік жоспарланып, «Тілдер мерекесі күні» салтанатты түрде ашылып, болатын ісшаралармен таныстырды. Оның мақсаты: балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Ортаңғы, ересектер тобында «Мемлекеттік тіл – рухани байлық!» - атты ертеңгіліктермен өткізілсе, тіл мамандары Қосыбаева Толқын Дайырбековна, Мусабаева Гульназ Манаровнаның ұйымдастыруымен «Ұлтым басқа – тілім қазақ» - мәнерлеп оқу сайысы жүргізілді. Балалар өздерінің оқыған өлеңдерін мәнерлеп оқуға тырысты. Көңіл күйлерінде патриоттық сезім болды. Жеңіске жеткен балалар мадақтамалармен құрметтелді.
Өзге ұлт өкілдері арасында бес орыс тілінде оқытылатын топтардың ата – аналары арасында «Мемлекеттік тілді құрметтейік» - атты сайыс жүргізілді.
Сайыс бес кезеңнен тұрды.
- Өзінің топтарымен таныстыру
- Мақал – мәтел сайысы
- Үй тапсырмасы
- Сұрақ - жауап
- Өз өнерлерін көрсету
Барлық топтың командалары үлкен дайындықпен келгендерін көрсете білді. Топтарын таныстыру үшін тақпақтап, өлеңдер шығарып таныстырды. Мақал мәтел сайысында «Гүлдерай» тобының ата -аналары алдарына жан салмай мақал айтып жеңіске жетті. Сұрақ -жауап кезінде «Айналайын» тобының ата- аналары қойылған сұрақты түсініп, дұрыс жауап берді.
Сайыс «Көк тудың желбірегені» - әнімен және жеңімпаздарды мадақтау қағазымен марапаттаумен аяқталды.