4 маусымда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер» – күні атап өтілді. Әрбір азат елдің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталатынын біз есімізден шығармаймыз. Балаларға Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер екенін, Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран екенін әрқашан түсіндіріп, мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілетіні, әрбір азаматтың мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі парыз екенін бойларына жас күнінен сіңіріп, еліміздің болашақ патриоттарын тәрбиелеудеміз. Биылда әр топта еліміздің рәміздері туралы тақырыптық сабақтар мен ертеңгіліктер жүргізілді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялатып, біздің балабақшада барлық топта тақырыптық ашық сабақтар жүргізілді.
ІІ кіші «Балбөбек», ортаңғы «Айгөлек», «Жұлдыз» топтарында сабақ еліміздің әнұранынан басталып, елтаңба, туын көрсетіп әңгімелеп берді.
Сабақ барысында егеменді елімізде ойнауға, білім алуға, өзінің атына, тегіне құқығы бар екенін айта кетіп, «Көшбасшы» ойыны өте қызықты өтті.
Мектепалды даярлау «Қарлығаш» тобында қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту сабақтарынан ұштастырылған «Менің елімнің рәміздерін құрметтейміз» атты ойын – сауық жүргізілді. Балалар рәміздер туралы өлең - тақпақтар айтып, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мақтан етті.
Ал, қазақ тілі маманы Қосыбаева Т.Д. логопедиялық «Айналайын» және «Гүлдерай» топтарында Қазақстан Республикасының рәміздерін үйрету барысында интерактивті тақта, сиқырлы қаламдар арқылы мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата, Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған - деп әр рәміздерді атап, тақпақ, өлеңдермен өрнектеп жүргізді. Балаларәнұранды айтар кезде салтанатты түрде оң қолдарын сол жаққа жүрек тұсына қойып, нақыштап орындауы кезінде көзерінде өз Отанына, туған жеріне деген құрметті білдіре білді.
Ересектер «Сұңқар» тобында «Еліміздің мемлекеттік рәміздері» - атты тақырыптық сабағының мақсаты, балаларды патриоттық тәрбиеге машықтап, өз Отанын, оның рәміздерін қастерлеуге бағыттау үшін сабақ барысын заманауи технологияларды қолданып, «Сиқырлы қалам», слайдтар арқылы жүргізді. Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашқанын көрсетті. Балаларға сабақ өте ұнады. Ал, мектепалды даярлау «Күншуақ» тобы мен мектепалды даярлау «Болашақ» тобы арасында «Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы» атты КВН жүргізді. Екі топта қойылған сұрақтарға мүлтіксіз жауап беріп отырды. Ойын барысынан тәрбиешілердің алдын – ала көп жұмыстар жүргізгендері көрініп тұрды. Ойынның мақсаты, балаларды ел рәміздерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу болды. Ойын үлкен тартыспен өтті. Балалар өздерінің болашақта өз жерлерін құрметтеп, елін қорғауға дайын екендіктерін көрсетті.
Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу баршамыздың борышымыз. Әнұран сөзін жатқа білу міндетіміз. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салатынын дәлелдеп, осы күні 04.06.2016жылы күндізгі сағат 12.00- де балабақшаның барлық балалары мен қызметкерлері әнұран орындауға ән залына жиналды.
Бұл салтанатты жиынның мән- мақсатын түсіндіруге балабақша меңгерушісі М.И. Махамбетова сөз сөйлеп, барлық ұжымның әнұран орындауы салтанатты өтті.