Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік ісшара

2016 жылы 27 – ші сәуір айынан бастап балабақшада «Жеңіс күні мерекесіне арналған мерекелік ісшара «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» тақырыбымен өтті.

Балабақшамызда ІІ кіші топтардан бастап «Ер есімі – ел есінде!» - тақырыптық сабақтар жүргізіліп, балалар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата, апаларының көрсеткен ерлігі туралы бейнефильмдер көріп және өздері де тақпақтарын айтып, билерін билеп, ойындарын ойнап, кішкентай болса да ел қорғауға әзір екендерін көрсете білді.

Ортаңғы «Айгөлек», «Гүлдерай» топтарында «Жеңіс жалауы желбіреген күн!» - атты ертеңгілік жүргізілді. Тәрбиешілер слайд арқылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдагулова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов сияқты аға - апаларының жауынгерлік ерлігі туралы айтып, батыр атағын алған еліміздің ардагерлерімен таныстырды.

 

Тәрбиеші Досмағанбетова Ә.Т. балаларға: Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерді құрметтеп, Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді – деді.Балаларда өз елдерін қорғауға әрқашан дайын екендерін, өздерінің дайындаған тақпақтарымен, орындаған әндерімен айтып, білдірді. «Біз болашақ ел қорғаушыларымыз!» - деген ұранмен мектепалды даярлау «Айналайын» және ересектер «Гүлдерай» топтары арасында «Әуенді-спорттық ойын-сауықтары» өткізілді. Шара барысында тәрбиеші Тян Т.К. балаларға бейнетаспа арқылы Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Қазақстан елінің жауынгерлері туралы көптеген мәлімет берді.

«9 мамыр – Біздің тарихымыздағы ең мәнді күндердің бірі. Тап осы Ұлы Жеңіспен соғыстан өтіп, үстем болған адамдар біздің айрықша ілтипатымызға мұқтаж, біз солардың арқасында осындай бейбіт өмірде тұрып жатқанымызды ешқашанда ұмытпағанымыз жөн.

9 мамыр Жеңіс күні біздің еліміздің барлық халықтары үшін киелі күн. Бұл мейрам біз үшін қымбатқа түсті – деп айтып түсіндірді.

Мектепалды даярлау «Қарлығаш» тобында «Соғыс кезіндегі әндер» атты балалар мен ата- аналардың қосылуымен өткізген ертеңгілік өте сәтті өтті. Мерекелік ісшарада «Синий платок», «Смуглянка» сияқты бірнеше әндер шырқалып, балалар мен қонақтар өнерлерін көрсетті. Патриоттық тәрбие алды. Елі үшін ерлік көрсетіп, қасық қандарын аямаған ерлерімізге тағзым етіліп, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.

Ересектер «Сұңқар» тобында «Ер есімі – ел есінде» атты ертеңгілікке топтың әскери қызметкер ата- аналары мен Отан соғысы ардагерлері шақырылып, Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру үшін Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге балалар ол кісілермен сұхбаттасып, үлкен отырыс болды. Ойын – сауық соңында аталар бүлдіршіндердің өнеріне риза болып, өз тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Балалар ардагер атаның медальдарын ұстап көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Балалар тақпақтар, өлеңдер айтып, би билеп, атаның көңілін көтерді.

Біз мықты халықтың ұрпақтарымыз, олардың ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз!

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)