Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. Отбасы – әлеуметтік қауымдастықтың бір түрі. Ал, отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің негізі болып табылатынын бәрімізде білеміз. Сондықтан тәрбиелеп отырған балаларымыздың бойына отбасы құндылығын сіңіру мақсатында екінші кіші топтарда әжелер келіп, салт- дәстүр көрсетіп, ою ойып, көрпелер қарастырып, балалары ән айтып, би биледі.
Ортаңғы «Балапан», «Балбөбек», «Болашақ» топтарында ата- аналардың қатысуымен «Отан отбасынан басталады» - атты тақырыптық сабақтар өтсе, ересектер мен мектепалды даярлық топтарында «Мен және менің отбасым» - атты жобалар жүргізіліп, балалар ата- аналарымен бірлесіп, отбасы құндылығының не екенін ашып, өз отбасының шығу тарихын, тегін, ата- бабаларының кімдер екенін атап, «Шежіре ағаштарын» жасап мақтан етті.
Отбасы мерекесіне арналған әр топтың қабырға газеті шығарылды. Оның ең үздіктері балабақшаның дәлізіне ілінді.
Әрбір үйдің дастарханын дәмге, еліміздің қоймасын дәнге толтыратын күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай екенін, бұл байлық асқан ерлік пен еңбектің арқасында келетінін балалардың бойына сіңіру басты мақсатымыз. Сонымен қатар балаларды жастайынан еңбекке тәрбиелеп, «Ас атасы- нан» - еліміздің ең байлығының бірі алтын астығымыз екенін түсіндіріп, үлкендердің еңбегін бағалауда имандылық тәрбие беру. Бұл мереке барлық топтарды өте қызықты өтті. Балалар ертеңгілік барысында үлкендердің еңбегін, көкөністер мен жемістер, алтын астық туралы мақал- мәтелдер айтып, әндер орындап, ойындар ойнап, көкөністермен жемістерден «Табиғат сыйы» - атты көрмелер жасады.