Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

«Айналайын» сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар баратын мектепалды тобында (ата-аналармен бірге) «Қазақстан бойынша саяхат» дене шынықтыру пәнінен ұйымдастырылған іс-шараларды өткізу туралы есеп

Өткізілетін күні:  13.12.2023 ж.

Балаларымыздың денсаулығы мен бақыты көп жағдайда балабақшада және үйде дене тәрбиесін ұйымдастыруға байланысты болады. Балабақшамызда ата-аналармен бірге дене шынықтыру сабағын өткізу дәстүрге айналған. Отбасы – баланың денсаулығын қалыптастыратын орта. Ата-ана баланың санасында тұрақты денсаулыққа деген ұмтылыстың негізін қалауға жауапты тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарамыздың мақсаты:  дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асыру үшін балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің отбасылары арасындағы серіктестікті белсендіру. Балалардың Қазақстан туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету, кеңейту. Өз республикасына, халқына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу; Туған жердің құндылығы мен сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.«Алға, Қазақстан!» флешмобы балалар мен ата-аналар арасында үлкен қызығушылықпен өтті.

131223 1 min

Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, тапсырмаларды бірге орындады

131223 2 min

131223 2 min

131223 2 min

131223 2 min

«Бес табан» ұлттық ойын үлкенқызығушылықпен өтті. Оған балалар ата-аналарымен бірге қатысты.

131223 2 min

Іс-шараның соңында рефлексия өткізілді, онда балалар қол ұстасып шеңберге тұрып, өз отбасына, туған жерге деген сүйіспеншілік туралы сөздерді қайталады.

131223 2 min

Іс-шара барысында ынтымақтастық атмосферасы болды. Ата-аналар баланың дене тұлғасының дайындығы мен оны салауатты өмір салтына баулудың маңыздылығына көз жеткізді.

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)