Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

Махаббатпен, қайырымды қолдан!

2023 жылғы 8 желтоқсан күні балабақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңына байланысты "Махаббатпен, қайырымды қолдан!» атты қайырымдылық, қамқорлық акциясы өтті. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Биылғы жылы акция қорытындысы бойынша балабақшада 340 мың 368 теңге, ал шағын орталықта 290 мың 315 теңге қолма-қол ақшалай қаражат жиналды. Жиналған барлық қаражат (630 мың 683 теңге) балалардың емделуіне "Ерікті қайырымдылық қоғамы" қоғамдық қорының шотына жіберілді.

Акция жәрмеңкесіне белсенді қатысқан барлық ата-аналарға, тәрбиешілерге және балаларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)