№32 «Балдәурен» балабақшасы әр жыл сайын дәстүр ретінде жыл соңында қайырымдылық акциясын өткізеді.
Барлық ата-аналар ауру балаларға көмек көрсету үшін «Махаббатпен қайырымды қолдан!» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырып, оған балабақшаның барлық топтары белсенді қатысты.
Ауыр аурумен ауыратын баланы құтқаруға мүмкіндік беру әрбір ата-ананың, балабақша қызметкерлерінің қолынан келеді, себебі балалардың емделуіне барлық әлем бірігіп жиі ақша жинайды ғой.
Жәрмеңке – жаппай сатуға бағалары жазылған декоративті-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Әрбір топқа үстелдер бөлінді. Жаппай сатуға ата-аналар комитетінің мүшелері жауапты болды, акция нәтижесі бойынша хаттама құрастырылып және топтардың ата-аналар комитетімен қол қойылды.
Әрбір топтың жинаған ақшасы «Ерікті Қайырымдылық Қоғамы» атты Аружан Саин қоғамдық қорына аударылды.
Акция 2017 жылғы 29 қараша балабақшаның ән залында өткізілді.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» деген ұранмен аталмыш акцияға барлығының ниетімен жоғары деңгейде өткізілді.