Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты сайыс ұйымдастырдық

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы « Тілдердің үш тұғырлығы»-«Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.

image001image001image001image001image001image001

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші міндет үш тілді меңгертіп үйрету керек.Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде және пән ретінде де қолданылады. Cондықтан, білім берудің баспалдағы балабақша болғандықтан, үш тілді меңгеруге ата-аналар атсалысуда. №32 «Балдәурен» балабақшасында осы мәдени жобаның аясында ата-аналарға арналған «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты сайыс ұйымдастырдық. Сайысқа «Айгөлек», «Жұлдыз» мектепалды даярлық топтарының ата-аналары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайысқа келген көрермендер арасында жанкүйерлердің өнерін де тамашаладық.

Әр сайыста ата-аналар үш тілде білімдерін көрсетіп, барлығы белсенді қатысты. Соңғы сайыс үй тапсырмасы ретінде үш тілде ертегілер миксін сахналап қойды. Сайыс барысында жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді үш тілде айтып, жаңылтпаштарды жатқа оқыды.

Сайысқа қатысқан ата-аналар өте жоғары деңгейде дайындалып келген. Елбасымыздың саясатын ұстану, мәдени жобаны біртіндеп іске асыруды көрсете білді. Біздің тәрбиеленушілерімізге де үш тілде ата-аналар қолдау көрсете алатындықтарын айқындады.

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)