Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

Балабақшамызда «Отбасында баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі» атты әкелермен бірлескен конференция өтті

Конференцияны балабақша меңгерушісі Махамбетова М.И. алғы сөз сөйлеп ашып, күн тәртібінде қарастырған мәселелерді таныстырып, «Отбасында баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі» баяндамасымен тәрбиеші Тилегенова Г.С. сөз алды.

«Атадан балаға келе жатқан отбасындағы әке тәрбиесі» тақырыбы бойынша «Қазақстан мектебі» - журналының бас редакторы, «Платина-Тарлан» сыйлығының иегері, мәдениет және қоғам қайраткері Сайраш Әбішқызы қызықты әңгіме жүргізді.

Өз отбасы тәрбиесімен бөлісу ретінде балабақшамыздың ата-аналары мемлекеттік қызметкер Зәкір Амангелді «Әке балаға сыншы», дәрігер - кардиохирург Дуйсенбин Бауыржан Сапарбекович «Отбасы - қасиетті ұғым» атты баяндама жасап, презентация жасады.

Конференция соңында балабақша психологы Бюротаева Н. Ж. «Отбасым бақыт мекенім» атты өте қызықты да, көңілді ойын өткізді.

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)