Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады.
Бұл үшін Қор барлық мүмкіндіктерді пайдаланады: көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және қашықтықтан өзара әрекеттесудің қосымша арналарын дамытады.
Еске саламыз, БЖЗҚ 2018 жылдың шілдесінде WhatsApp мессенджерінде арна енгізген болатын. Бұл арна Қазақстанда және шет елдерде жүрген азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат және кеңес алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ ақпарат алу арналарын кеңейту үшін Қазақстан Республикасының электрондық үкіметімен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Былтырғы жылы жоғарыда аталған әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар 2018 жылдың 6 қыркүйегінде БЖЗҚ мен Астана қаласы әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Атап өту керек, орталық барлық қалалық тіршілікпен қамтамасыз ету қызметтері бойынша демалыссыз және тәулік бойы ақыл-кеңес береді, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.
iKomek-тің тізімдемесінде 770-тен астам көрсетілетін қызмет түрлері бар. Оған келісімге қол қойылған соң, БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана қаласын бақылау және талдау құралы ретінде әрекет жасайды. Оның алдыға қойған негізгі мақсаты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, оқыс оқиғалар мен апаттарды ретке келтіру және алдын алу барысында ң коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, оқыс оқиғалардың дер кезінде реттелуін бақылау, «болары болып, бояуы сіңгенде» әрекет етпей алдын алу саясатын ұстану, құқық бұзушылық әрекеттерді анықтау және өңдеу, сондай-ақ қаладағы ахуалды қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «осы жерде және қазір» режімінде жедел бақылау.
Орталық 365/24/7 күн тәртібінде жұмыс істейді. 109 телефон нөмірі, «Smart Astana» ұялы қосымшасы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақша арқылы өтініш білдіруге болады.
БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы