Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді.
Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар:
- Пошта байланысының көмегімен – жылына бір рет;
- Электрондық пошта арқылы – таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);
- БЖЗҚ кеңсесіне өзі бару арқылы – шектеусіз;
- Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) – шектеусіз;
- kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы («Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» — (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлімінде) порталда тіркеліп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.