Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

БЖЗҚ: ақпарат

Мен зейнеткерлікке шыққан кезде қандай да бір өтемақы берілетіндігін естідім. Шындығында солай ма?

Бұл жерде әңгіме мемлекеттік кепілдік бойынша республикалық бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы жайында болып отыр. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепілдік береді.

БЖЗҚ-дағызейнетақы жинақтарының сомасыинфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда —

айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттіккорпорация бір жұмыс күні ішіндеайырма төлемі сомасын есептейді.

Айырма төлемін алуға зейнеткерлік жасқа толған азаматтар да құқылы.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)