1.Тәрбиешілер - 10,0 мөлшерлемесімен (қазақ тілінде оқытатын топтарда)
2.Дене шынықтыру нұсқаушысы - 2,0 мөлшерлемесімен (қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын топтарда)
3.Психолог - 1,0 мөлшерлемесімен (қазақ тілінде оқытатын топтарда)
4.Логопед - 1,0 мөлшерлемесімен (орыс тілінде оқытатын топтарда)
5.Жүзу нұсқаушысы – 1,0 мөлшерлемесімен (қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын топтарда)
6.Музыка жетекшісі – 2,0 мөлшерлемесімен (қазақ тілінде оқытатын топтарда)
Құжат қабылдау уақыты 14.08.2024 ж- 22.08.2024ж дейін сағат 9:00-17:00
Мекен жайы: Астана қаласы №32 «Балдәурен» балабақшасы МКҚК Абылайхан даңғылы 23/1
Телефон:8 (7172) 561154
Почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Өткізілу уақыты: 23.08.2024ж 09:00-12:00
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почтасына жолдайды немесе Астана қаласы Абылай хан даңғылы 23/1 ғимаратында өткізеді.