12.06.2024 ж ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасында «Тілге бойлау» жобасы аясында семинар-практикум өтті

Басып шығару

Семинар барысында балабақшамыздың қазақ тілі маманы Т.Д. Косыбаева және дене шынықтыру нұсқаушысы Фурника М.В. өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шебер-сынып аясында педагогтер тек дидактикалық ойындармен танысып қана қоймай, оларды өздері ойнап көріп, шығармашылық жұмыстар жасаумен айналысты. Сонымен қатар,дефектолог-логопед Шолпан Аянғалиқызы «Сенсорлық дамыту сатысы, сенсомоторлы, дамыту сатысы, перцептивті-моторлы дамыту сатысы, интеллектуалды дамыту сатысы» тақырыбында дәріс берді, қатысушылармен артикуляциялық гимнастика жасады