Біздің балабақшамызда ата-аналарға арналған "Ашық есік" күні өткізілді. Әр ата-ана ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысып, балалардың қалай жұмыс жасайтындығын, педагог қандай әдіс-тәсілдерді қолданатындығын және де өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын.
Сонымен қатар, ата-аналарға белсенді түрде ат салысып, түсіністік танытқандарына алғыс білдіреміз!