Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК

Жаңалықтар

№32 «Балдәурен» балабақшасының 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы.

Балабақшаның әдістемелік тақырыбы: "Дамытушы заттық-кеңістік ортасын құру: әр баланың мүмкіндіктерін, белсенділік деңгейі мен қызығушылықтарын ескере отырып, ойын әрекетін ұйымдастыру үшін қауіпсіз ортаны құру".

"Шағын мұражайлар арқылы балалардың зерттеу дағдыларын дамыту" және "Абай аманаты" эксперименттік білім беру алаңы бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүлдіршіндеріміз "Елорданың еркетайы" қалалық өнер байқауының вокал номинациясынан Мухамеджанов Жигер 1-дәрежеге, "Вокалдық топ" номинациясы бойынша мектепалды "Балапан" тобы 1-дәрежелі жүлделерге ие болды. "Абай деп соққан жүрегі" атты қалалық байқауға қатысып Дулатқызы Айсезім 3-орын алды. Балабақша арасында қазақ тілі кабинеті бойынша өткізілген қалалық сайысқа қатысып 2-орынға ие болдық.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектепалды топтары "Ұлттық мұражай", "Атамекен" және Астана қаласы Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайларына саяхатқа барды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Махаббатпен, қайырымды қолдан!" атты қайырымдылық, қамқорлық акциясы өткізілді. Акция қорытындысы бойынша жиналған қолма-қол ақшалай қаражатты балалардың емделуіне "Ерікті қайырымдылық қоғамы" қорының шотына жіберілді.

Балабақшамыз "Оқуға құштар балабақша", "Тәуелсіздік-ел тұғыры" тақырыптары және "Бес табан", "Бес асық" ойындары бойынша челлендждерге қатысты.

Педагогтар құрамы жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарына қатысады.

Балабақшада топтардан бөлек қосымша кабинеттер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, логопед, дефектолог, психолог, монтессори, қазақ тілі, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы, физокабинет, тұзды үңгір, жүзу кабинеттері іске асырылған.

Балабақшаның бағыты балалардың ұсақ және ірі моторикаларын дамытуға көзделген.

Кабинеттер мен дәліздердің қабырғаларында Монтессори құралдарымен және бизиборд ойындарымен жабдықталған. Кабинет іштері жарық, таза, әдемі безендірілген, ішіндегі заттар, жиһаздар бала жасына сай құрылған.

Әрбір жасалынған зат баланың пайдалануына ыңғайлы және денсаулығына зиян келтірмейтінділігі бойынша қауіпсіздік шаралары сақталған.


Астана қаласы әкімдігінің №32 «Балдәурен» балабақшасы МҚКК, Қазақстан Республикасы

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka

Жаңалықтарға жазылу

Жазылыңыз біздің жаңалықтарға, хабарландырулардың ортасыңда болыңыз!

Поиск (2)