Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№32 «Балдәурен» балабақшасы МКҚК бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды:
- Тәрбиеші — 1,125 мөлшерлемесімен (орыс тілінде оқытатын топтарда).
- Музыка жетекшісі — 1 мөлшерлемесімен (орыс тілінде оқытатын топтарда).
- Жүзу нұсқаушысы — 1 мөлшерлемесімен.
Құжат қабылдау уақыты 27.08.2022ж. дейін сағат 9:00-18:00
Мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы №32 «Балдәурен» балабақшасы МКҚК
Абылай хан даңғылы 23/1
Телефон:8 7172 561154
Почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Өткізілу уақыты: 31.08.2022ж 09:00-12:00
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,
педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысу үшін хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почтасына
жолдайды немесе Нұр-Сұлтан қаласы Абылай хан даңғылы 23/1 ғимаратында өткізеді.