Болашаққа бастаған — бірлігіміз жарасқан

Басып шығару

Балабақшада қазақ тілі мұғалімі Қосыбаева Толқын Дайырбековна мен психолог Бюротаева Нұрсауле Жантасовнамен бірлесіп жүргізілген «Болашаққа бастаған — бірлігіміз жарасқан» атты орыс тілінде оқытылатын топтардың балаларының ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оның мақсаты: Үлкендердің балардың бойына «Бірлік», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын айту. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. Өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелде төрт сұрақ қарастырылды.

  1. Адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде отбасылар рөлі.
  2. Отбасы мен балабақшадағы төзімділік.
  3. Мектепке дейінгі балаларда мәдени мінез құлыққа тәрбиелеу.
  4. Бейбітшілік пен келісім адамзат жолы

Дайындалып келген ата- аналар өздерінің баяндамаларын оқып, сол сұрақ бойынша талқылаулар жүргізілді.