№32 «Балдәурен» балабақшасының балаларын ағартушы – педагог Ыбырай Алтынсаринның туғанына 175 жылдығына арналған "Кел, балалар, оқылық...!" атты қашықтық бейне – байқауына төрт бала қатысып, екі бірінші орын, бір екінші орын, бір ІІІ- орынды жеңіп алдық.
«Ұлы дала ұрпақтары» калалық (сырттай) балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, «Балдәурен» би тобы «Кең дала» биін, Қапар бағдаулет мәненрлеп оқу сайысына «Менің қазақстаным!» өлеңін оқып, вокал тобы «Нұр отан» әнін орындап ІІІ- орын иеленді.
Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» - атты қалалық ертеңгіліктер сайысына қатысып, бұл мерекеде балалар тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді көрсететін қойылымдар қою арқылы жүргізді.
Қалалық «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» балалардың мәнерлеп оқу байқауына мектепалды даярлық «Сұңқар» тобының тәрбиеленушісі Сәлім Жомарт И.Күзенбайдың «Ел басына арнау» өлеңін оқып, қатысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ата-бабам аңсаған - Тәуелсіздік» атты қалалық балалар шығармашылық байқауына ән,тақпақ,би сайыстарынан өтіп, II жүлделі орынды иеленді.
Сонымен қатаар өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Қазақшаң қалай, балақай?» сайысына қатысып, Рользинг Екатерина ІІ – орын иеленді.